NASA басшысы Байқоңырға келеді — БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MinqriPf9DYGcFjqUDMK1EsTxh59IILGcOdOgejP.jpg

NASA басшысы Джаред Айзекман Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағына келуі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол ресейлік «Союз МС-29» ғарыш кемесінің ұшырылуын жеке бақыламақ. Ұшырылым 2026 жылдың шілде айынан ерте болмайды.

ТАСС дерегінше, ғарыш кемесінің бортында америкалық астронавт Анил Менон және ресейлік ғарышкерлер Пётр Дубров мен Анна Кикина болады.

NASA мәліметінше, Айзекман ұйым ХҒС аясында әріптестік орнатқан шетелдік ғарыш агенттіктерінің басшыларымен кездесулерін жалғастырып жатыр. Осы тұрғыда ведомство басшысының Роскосмос жетекшісі Дмитрий Бакановпен жеке кездесуі мүмкін екені де айтылды.

Комментарии