Мадьярдың маңызы. Оппозицияға кететін Орбан оны құттықтап тастады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jkmLF5fHWHdwR4OnSZgc3SwczU0Zq3599bIzgzYx.webp

Мажарстандағы парламент сайлауында дауыстардың үштен екі бөлігі саналғаннан кейін «Тиса» оппозициялық партиясы алға шықты. Премьер-министр Виктор Орбан жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Елдің ұлттық сайлау кеңсесінің мәліметінше, бюллетеньдердің 72,44 %-ы өңделгеннен кейін проеуропалық және оңшыл-центристік «Тиса» партиясы 199 орынның 138-ін иеленіп отыр. Парламенттегі үштен екі көпшілік партияға Конституция мен негізгі заңдарға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Ал премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін консервативті «Фидес» партиясы әзірге небәрі 54 орын алып отыр. Тағы жеті мандат әсіре оңшыл «Біздің Отан» партиясына бұйыруы мүмкін.

Виктор Орбан Мадьярды жеңісімен құттықтап, сайлау нәтижелері түсінікті екенін айтты. Сондай-ақ ол «Фидес» оппозицияда болса да елге қызмет ететінін атап өтті.

«Біз мұны жасадық. Бұл сайлауда «Тиса» мен Мажарстан жеңіске жетті. Біз бірге елді азат етіп, Орбан режимінен құтылдық»,- деді Мадьяр Будапешт орталығында өткен митингте.

Айта кетейік, дауыстарды әрі қарай санау барысында сайлау нәтижелері өзгеруі мүмкін. Мажарстан заңдарына сәйкес, дауыстарды толық санау 18 сәуірге дейін аяқталуы тиіс.

Виктор Орбан өзін Еуропада Ресейге іші бұратын саясаткер ретінде көрсетіп келген.  

 

 

 

 

Комментарии