Рыбакина 90 млн теңге тұратын көлік жеңіп алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/azSz5wZsGSm95HdGUx1i8HlG4IHJhuC1cnhxTvtF.webp

Фото: porshe-tennis.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта өткен ірі турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна”.

Чемпионға шамамен 90 млн теңге тұратын Porsche 911 Carrera S кабриолеті сыйға тартылды.

WTA-500 санатындағы Stuttgart Open теннис турнирінің финалында Елена Рыбакина мен чех теннисшісі Каролина Мухова кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Ақтық сындағы матч 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында Рыбакина үш мәрте эйс орындап, төрт рет брейк жасады.

Осылайша қазақстандық теннисші кәсіби спорттағы 13-турнирінде жеңіске жетіп отыр. Елена турнир барысында Мирра Андреева, Лейла Фернандес, Диана Шнайдер сынды мықты теннисшілерді жеңді.

 

Комментарии