Ақмола облысында екі электровагон жанып кеткен. Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zt4jPP97rgNChqh8dCBMdHT54EfGu1TxqX67GZHl.jpg

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысының Степногорск қаласында кәсіпорын аумағында екі қызметтік электропоезд вагоны өртенді. Оқиға түнгі уақытта тіркелген, деп хабарлайды "Адырна". 

«Бүгін түнде Степногорск қаласындағы ЖШС-нің біріне тиесілі аумақта кәсіпорын жұмысшыларын тасымалдауға арналған электропоездың екі вагоны өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетіп, 150 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді», - деп хабарлады Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өрттің шығуына жоғары вольтты электр желісіндегі қысқа тұйықталу және соның салдарынан тұрған вагондардың тұтануы алдын ала себеп ретінде қарастырылуда», - деп атап өтті ТЖД.

Комментарии