Мектептерде «Ясауитану» пәні оқытыла бастады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L9KkhEqXfA4mnYaZnXm60hLDEZUDzTVJsz06OLEF.jpg

Қазақстан мектептерінде Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасына арналған «Ясауитану» пәні енгізілді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “ Адырна”..

Үкімет Ясауидің еңбектерін зерттеу мен насихаттауға, сондай-ақ Түркістан қаласын рухани туризм орталығы ретінде дамытуға бағытталған 37 іс-шараны қамтитын арнайы жоспарды бекітті.

Қазіргі таңда бұл қосымша пән елдегі 36 оқу орнында оқытылып жатыр. Оқушылар Ясауидің өмір жолын, оның хикметтерін, философиялық және адамгершілік идеяларын меңгереді.

Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу және жаңа туристік бағыттар ашу жоспарланған.

Одан бөлек, Ясауи жылын ЮНЕСКО деңгейінде жариялау бастамасы қарастырылып жатыр. Бұл оның мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ясауитану ғылыми орталығының қызметкері Бауыржан Ботақараевтің айтуынша, курс зайырлы форматта оқытылады.

«Мектеп – зайырлы мекеме. Мұнда қандай да бір дінге артықшылық берілмейді және белгілі бір көзқарастар сынға алынбайды. Қожа Ахмет Ясауидің ілімі объективті түрде оқытылады. Курстың негізіне қазақтың салт-дәстүрі, ар-ождан бостандығы, абырой, қадір-қасиет және адамгершілік секілді құндылықтар енгізілген», – деді ол.

Комментарии