MV Hondius круиздік кемесінде тіркелген хантавирустың қоғам арасында кеңінен таралу қаупі төмен деп бағаланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш хабарлады.
Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта вирустың адам денсаулығына қаупі төмен екенін атап өтті.
«Дегенмен, MV Hondius кемесінің жолаушылары мен экипажын қоса алғанда, барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық денсаулық сақтау саласындағы күш-жігерді үйлестіру маңызды», — деді Гутерриш.
Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ұлттық билік органдарымен бірлесіп, хантавирустың ықтимал таралуын бақылау бағытында тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Постоянная комиссия Акмолинского областного маслихата по вопросам экономики и бюджета рассмотрела проблемы Степногорской многопрофильной городской больницы
