Қазақстанда алғашқы аэротакси мамыр айында сынақтан өтеді

182
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/49U2fqsMMg95cmYkwc5N42xJMtijDIB3APb2Bp8b.webp

Фото: АААG 

Қазақстанда қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility, UAM) бағыты жаңа кезеңге қадам басуда. Мамыр айының соңында Alatau Advance Air Group компаниясы елде алғаш рет eVTOL – тік ұшып-қону жасайтын электрлі әуе аппараты негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания «Курсивке» берген сұхбатында мәлімдеген, деп хабарлайды "Адырна".

Компания өкілдерінің айтуынша, 8 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы заңға қол қойған. Бұл қала үшін арнайы құқықтық режим қалыптастыруға негіз болып отыр.

Сол себепті Алатау қаласы қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility, UAM) үшін ерекше алаң ретінде қарастырылуда. Себебі жаңа қала инфрақұрылымды нөлден бастап жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоспарға мыналар енгізілуі мүмкін:

  • вертипорттар (ұшу-қону алаңдары)

  • әуе дәліздері

  • төмен биіктіктегі қозғалысты цифрлық басқару жүйесі

  • Smart City инфрақұрылымымен интеграция

  • көлік хабтары арасындағы бағыттар

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл жаңа көлік жүйесін жылдам енгізуге жол ашады.

2026 жылы Алматы агломерациясында пилоттық бағыттарды іске қосу жоспарланған. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, әуе көлігі Алматы, Алатау және Алматы облысы аумағында 320–340 км/сағ жылдамдықпен қатынай алады.

Мысалы, Алматыдан Медеуге дейін шамамен 10–12 минутта жетуге болады.

2026 жылдан бастап Қазақстанда вертипорттар желісін салу басталады. Жоба Alatau Advance Air Group компаниясы мен халықаралық серіктестер – италиялық UrbanV және Оңтүстік Кореяның Korean Airports Corporation ұйымдарының қатысуымен жүзеге асады.

  • AutoFlight (Қытай) – 2026 жылы тесттік ұшулар жоспарланған

    • жылдамдығы: 200 км/сағ

    • 4 жолаушы + ұшқыш

    • қашықтығы: 250 км

  • Joby Aviation S-4 (АҚШ) – 2028 жылдан бастап жеткізіледі

    • 4 жолаушы + ұшқыш

    • қашықтығы: 160–241 км

    • жылдамдығы: 320 км/сағ дейін

Барлық алғашқы сынақтар жолаушысыз өтеді.

Мамандардың пікірінше, eVTOL нарығы әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан жаңа заңнама мен инфрақұрылымды ерте енгізген елдер артықшылыққа ие болады.

Қазақстан үшін бұл – Орталық Азиядағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі (UAM) регуляторлық алаңына айналу мүмкіндігі.

Айта кетсек, 2025 жылдың қарашасында Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі, Joby Aviation, Alatau Advance Air Group және кәсіпкер Вячеслав Ким арасында шамамен 300 млн долларлық аэротакси жүйесін құру жөнінде меморандумға қол қойылған.

 

Комментарии