Бақытжан Жайлаубаев Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бақытжан Өміртайұлы 1984 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы Сәтбаев қалалық мәдени-сауық орталығының директоры қызметінен бастаған.
Әр жылдары Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, сондай-ақ ішкі саясат бөлімінде түрлі лауазымдар атқарды. 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Талдау және жоспарлау басқармасын басқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде цифрландыру, ақпараттандыру және құқықтық мониторинг бағыттарында қызмет етті. 2022-2024 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болды. 2024 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Благодаря государственному использованию отечественное мукомольное предприятие увеличило производство
