Екі аптада екінші мәрте Qoja Ahmet Yasaui ордені табысталды

184
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B9XjOL975N8UMz90sswnFRTU5o2I3B21Zxnmwn8f.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азулене Qoja Ahmet Yasaui орденін табыстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марапаттау рәсімі Астанада өтті.

Мемлекет басшысы Одрэ Азуленің ЮНЕСКО-ны басқарған кезеңдегі қызметіне жоғары баға беріп, оның ұйымның халықаралық диалог пен ынтымақтастық алаңы ретіндегі рөлін күшейтуге үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Одрэ Азуле білім мен мәдениетті бейбітшілікті нығайтудың маңызды құралы ретінде дәріптеп келеді.

Сондай-ақ Тоқаев оның Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға ерекше еңбек сіңіргенін айтты. Президент ЮНЕСКО бағдарламалары арқылы әлем жұртшылығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Ұлы даланың мәдени мұрасымен кеңінен таныс болғанын жеткізді.

Өз кезегінде Одрэ Азуле көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, Қазақстанға алғашқы сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен байланысты болғанын еске алды. Оның сөзінше, кесененің тарихи әрі рухани маңызы ерекше әсер қалдырған.

Комментарии