Ота үстінде көз жұмған блогер. Қылмыстық іс қозғалды

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jEumNx4OBqb3JCGEnHQ4xJpBIlD592ViecQpeTgY.webp

Алматыда жеке клиникалардың бірінде көз жұмған блогер Сәуле Ермаханованың (Базархан) өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

53 жастағы әйел 15 мамыр күні қайтыс болған.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін марқұмның пластикалық ота жасату кезінде көз жұмғаны айтылған еді.

Комментарии