«Арменияны қайтадан ұлы етейік!». Трамп Пашинянды қолдады

214
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aYkloxlgTEo5vxSCm1Ptv877BpLSrn08CczZKsyS.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 маусымда өтетін парламент сайлауы қарсаңында Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 28 мамырға қараған түні Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Трамптың айтуынша, Пашинян өз елін қуатты, гүлденген және аса қауіпсіз мемлекетке айналдырып жатыр. Жыл сайын 28 мамырда Армения тұрғындары Республика күнін атап өтеді.

«Никол Армения мен бүкіл Оңтүстік Кавказ өңірінің бейбіт әрі гүлденген болашағына қатысты менің көзқарасымды толықтай бөліседі», — деді АҚШ басшысы.

Ол жуырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Арменияға жасаған сапарын және бірнеше келісімге қол қойылғанын еске салды. Олардың қатарында бірлескен транзиттік дәліз жобасы да бар. Трамптың сөзінше, бұл жоба Оңтүстік Кавказды түбегейлі өзгертеді.

«Мен 7 маусымдағы сайлауда Николды толық әрі сөзсіз қолдаймын. Оның көмегімен біз АҚШ-ты, Армения мен Орталық Азияны бұрын-соңды болмаған деңгейге көтереміз. Арменияны қайтадан ұлы етейік!» – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Пашинян Ресейдің газ, жанармай және алмаз жеткізу жөніндегі келісімді тоқтатуы мүмкін деген қауіптен қорықпайтынын мәлімдеген еді.

«Арменияны бағаның қымбаттауымен қорқыту қисынсыз, өйткені бізде мұны қымбат деп сезінбейтіндей әлдеқайда көп ақша болады», - деді ол.

 

Комментарии