Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды

171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HjothXlel3GT5pSXn9Panu5d16tpHDJCnVWSu7Dv.webp

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды. Марапатты мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

«Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.

Комментарии