Арыста мас жүргізуші бір топ адамды қағып кетті. Төрт адам қаза тапты

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fGSa8Ok6Vzat97bjGMrSNRQyF8JzVWwqaRW1FtyR.webp

Түркістан облысы Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы әйел жер үйдің алдындағы орындықта отырған бір топ адамды таптап кетті. Оқиға орнында төрт адам, соның ішінде екі бала мен бір жүкті әйел қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".

Журналист Михаил Козачковтың Телеграм арнасына жазған хабарламаға сәйкес, тағы екі адам ауыр хәлде ауруханада жатыр.

«Көліктің рулінде 52 жастағы әйел отырған. Менің дереккөзіме сүйенсек, ол мектепте жұмыс істейді. Ал бос уақында такси жүргізеді», - деп жазған журналист.

Оның мәліметіне сүйенсек, медициналық тексеру әйелдің мас болғанын растаған. Редакция осы жол апатына қатысты Түркістан облысының полиция департаментінен комментарий сұратты.

Комментарии