Иранның бұрынғы рухани көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімдері 4–9 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tasnim агенттігіне сілтеп.
Мәліметке сәйкес, 4 және 5 шілде күндері Тегеран қаласындағы Имам Хаменеи атындағы орталық мешітте қаралы рәсімдер ұйымдастырылады. 6 шілдеде жерлеу шеруі Тегеран көшелерімен өтсе, 7 шілдеде рәсім Қом қаласында жалғасады. Ал 9 шілдеде Әли Хаменеи Мешхед қаласында жерленеді.
Еске салсақ, бұған дейін Әли Хаменеи 28 ақпанда Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдары салдарынан қаза тапқаны хабарланған.
Новости по теме
