Түркия құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойында да есе жіберді

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Y1EqbWwLFQmPRELVm3WV8ELJIlk5VougU99h3Kev.jpg

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының D тобындағы екінші турда Түркия мен Парагвай құрамалары өзара кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тартысты өткен матчта оңтүстік америкалық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қос құрама шабуылға ден қойды. Ойынның небәрі 2-минутында Парагвай сапындағы Матиас Галарса қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Бұл гол матчтағы жалғыз әрі шешуші гол болып қалды.

 Бірінші таймның соңына қарай Парагвай ойыншысы Мигель Альмирон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бірақ, Түркия құрамасы әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде де жеңіліске ұшырады. Бұған дейін олар Аустралиядан 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал Парагвай алғашқы турда АҚШ-қа 1:4 есебімен есе жіберген еді.

 

Комментарии