Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.
Новости по теме
