Қоймада өрт шығып, екі адам зардап шекті

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4jO3GpP1kYchbMGk7NAQpovjN1jJKaTY7wT1yorc.webp

Шымкенттегі Исфиджаб тұрғын алабындағы жеке қоймада өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын қойма ғимараттарының шатырын шарпып, аумақтағы резеңке материалдар мен жүк көлігінен төгілген дизель отынына тараған. Өрт ошағына жақын маңда жанармай тиелген жүк көлігі тұрған.

Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар қызметінің ондаған маманы мен арнайы техникалары тартылды. Сондай-ақ оқиға орнында апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері кезекшілік етті.

Қазір мамандар өрттің нақты шығу себебі мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Комментарии