Алматының Алмалы ауданында ағаш құлап, жол жиегінде тұрған Lexus маркалы автокөлікке зақым келтірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қалалық ПД мәліметінше, оқиға күндіз болған. Құлаған ағаш салдарынан көлік механикалық зақым алған.
«Оқиға кезінде автокөліктің ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, аталған дерек тіркелді», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Новости по теме
