30 маусым күні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында үш матч өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Норвегия құрамасы Кот-д’Ивуарды 2:1 есебімен жеңді. Жеңімпаздар сапында Антонио Нуса мен Эрлинг Холанд гол соқты. Ал Амад Диалло ивуарлықтардың жалғыз голының авторы атанды.
1/8 финалда норвегиялықтар Бразилия құрамасымен кездеседі. Матч 5 шілде күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтеді.
Франция құрамасы Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Килиан Мбаппе дубль авторы атанса, тағы бір голды Брэдли Барколя соқты. Майкл Олисе екі нәтижелі пасымен көзге түсті.
Дидье Дешам шәкірттерінің келесі қарсыласы — Парагвай құрамасы. Кездесу 5 шілде күні Филадельфияда өтеді.
Ал Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен ұтты. Хулиан Киньонес пен Рауль Хименес гол авторлары атанды.
Мексикалықтар ширек финал жолдамасы үшін Англия — Конго Демократиялық Республикасы жұбының жеңімпазымен ойнайды. Кездесу сәрсенбі күні АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді.
Айта кетейік, 1/8 финалға Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция және Мексика құрамалары жолдама алды.
