Солтүстік Қазақстан облысындағы тілдерді оқыту орталығына жаңа басшы тағайындалды

146
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4KnuquDp97LHKEjFGMRh4sHKlnw9I1DXBx4CKS7j.png

Белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының маманы әрі тіл жанашыры Жарқын Жұпархан Солтүстік Қазақстан облысында Тілдерді оқыту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарқын Жұпархан – қазақ руханияты мен тіл саласында белсенді еңбек етіп келе жатқан азамат. Ол айтыс өнеріндегі жетістіктерімен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бастамаларымен де танылған.

Жаңа қызметінде Жарқын Жұпархан мемлекеттік тіл саясатын дамыту, тілдерді оқыту жүйесін жетілдіру және өңірдегі тілдік жобаларды іске асыру бағытында жұмыс жүргізетін болады.

Комментарии