LRT-ге жаңа атау берілгенде желіде алғаш өрт шықты

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZeG0XhZwsSrF6fGN7KSwiCLfNwgTdqoxNYSPTPrT.webp

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) ресми түрде Tarlan Astana деп өзгертілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.

Құжатқа сәйкес, жаңа атау қалалық ономастика комиссиясының ұсынысы негізінде бекітілген. Бұған дейін Астана қаласы мәслихатының депутаттары да Tarlan Astana атауын қолдап дауыс берген.

Қаулыда қаланың жеңіл рельсті көлік жүйесіне Tarlan Astana атауын беру және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылған.

LRT операторы – City Transportation Systems (CTS) компаниясы да атаудың ресми түрде өзгергенін растады.

Дегенмен, бүгін пойыз желісінде өрт шығып, желіге тараған еді.

Комментарии