Сотталғаннан кейін. Қамшыбек Тәшиев көпшілік алдына шықты

258
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FKrPnnnsPjqZXJ2hZ6ch9q35C0yGaZEBWS1WrPd7.jpg

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев ел премьер-лигасының «Мұрас Юнайтед» пен «Азиягол» командалары арасындағы футбол матчын тамашалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg сілтеп.

Кездесу Манас қаласындағы «Құрманбек» стадионында өтті.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Қамшыбек Тәшиевтің жанкүйерлер арасымен жүріп өтіп, кейін VIP-трибунаға көтерілгені көрінеді.

Еске салайық, бұған дейін Бішкектің Бірінші май аудандық соты «75-тің хаты» деп аталатын іс бойынша үкімге қатысты түсініктеме берген болатын. Сот шешіміне сәйкес, Қамшыбек Тәшиев және осы іс бойынша өзге айыпталушылар Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Билікті күшпен басып алуға әрекет жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге сот тағайындалған жаза мерзімін үш жылдық пробациялық бақылаумен алмастыру туралы шешім қабылдады. 

Комментарии