Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады

305
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/unHvCQoPC6JnFrMJ4YlJHBHzk5Q8rCdnaic2DSvb.webp

25 маусымда Венесуэлада болған жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 2954 адамға жетті. Бұл туралы La Nacion басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, 16 мыңнан астам адам баспанасыз қалған, ал 856 ғимаратқа зақым келген. Әзірге із-түзсіз жоғалғандар саны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, жоғалғандар саны 50 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 25 маусымда Венесуэлада араға небәрі 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасса, эпицентрі Морон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде болған.

Бұл апат соңғы 126 жылдағы ел тарихындағы ең күшті жер сілкінісі ретінде бағалануда. Ең ауыр жағдай Ла-Гуайра штатында қалыптасып отыр.

Комментарии