«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін, 8 шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», - делінген хабарламада.
Ол бұл лауазымға 2025 жылдың 3 шілдесінде тағайындалған болатын.
Әзірге ұлттық теміржол компаниясының жетекшісі лауазымына жаңадан кім тағайындалатыны айтылмады.
