Жол апатына ұрындырған полицей қызметінен кетті

214
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы облысында жол-көлік оқиғасына қатысқан полиция полковнигі өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Журналист мәліметіне сәйкес, шамамен бір апта бұрын Алматы облысы полиция департаментінің жедел есепке алу орталығының бастығы, полиция полковнигі Берік Нұрғалиев жол-көлік оқиғасына себепкер болған. Апат салдарынан басқа автокөліктегі адамдар түрлі жарақат алған.

Журналистің хабарлауынша, Берік Нұрғалиевпен байланысқа шыққан кезде ол зардап шеккен жүргізушімен мәселені реттегенін және осыдан кейін ішкі істер органдарындағы қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.

Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық істің сотқа жететіні немесе рақымшылыққа байланысты тоқтатылатыны әзірге белгісіз.

Комментарии