Мұндағы бірінші сөзі "география", екіншісі "саясат" емес пе?!

187
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1U5R8G9qi5PDkm1KwAStHkoR7mSmevFxTHxsT0pn.webp

Иран төңірегінде не боп жатыр? 

1. Д.Трамп жуырда "мыналар оңбағандар, келісімді бұзды, мен оларды құртамын" сыңайлы сөздер айтып (сөздерін қысқарттым), бомбылауға көшкен еді. Иран тарабы да лезде жауап қайтарды. Аймақтағы төрт елдегі АҚШ нысандарын атқылап тастады.

2. Қазір риторика ушығып тұр. Бірақ Оман мен Қатар арқылы соғысушы тараптар өзара келіссөзді қайта бастап, жандандырды.
Бұл дұрыс нәрсе. 

3. Бірнеше күн бұрын Иранда "Д.Трамптан өш алу қажет" деген сыңайдағы плакаттар байқалды. Бұған АҚШ президенті: "олар маған қарсы бір нәрсе істемек болатын болса, мен 1000 зымаран дайындаттырып қойдым. Біз бұл елді жоямызға" келтірді.

*****

Менің жеке ойым: Тегеран Д.Трамптың 2028 ж. дейін президент екенін біледі. Өш алу бағытында ештеңе жасамайды. Бұл Иранға керек те емес. Иран геосаяси ойынды қатырып отыр. "Элита" деңгейіндегі ойыншыға айналды. Мұндағы бірінші сөзі "география", екіншісі "саясат" емес пе?! Яғни, Тегеран "Ормузды" (география) 100% пайдалана (саяси мақсатта) білді. Қазір оларға осыдан артық аспап керек те емес.

Израильде осы қазанда, АҚШ - та осы қарашада сайлау болады. Биби мен Д.Трамптың қолдары жартылай байлаулы. Амалдары азайып барады. Тегеран мұны жақсы біліп, ұтымды ойын көрсетіп жатыр. Жағдай осындай. Қайта тынышталды десе де болады.

Dulat Bakishev

 

 

 

Комментарии