Тарихи көрсеткіш. Жартылай финалда төрт бірдей әлем чемпионы кездеседі

172
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kRebznve2eHehNNID1BIwyv4itzrQHGMpTZiQysT.jpg

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасы Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна".

Осылайша, турнирдің жартылай финалында Испания, Франция, Англия және Аргентина құрамалары өнер көрсететін болды. Opta статистикалық порталының мәліметінше, мұндай жағдай әлем чемпионаты тарихында үшінші рет болып отыр. Яғни, жартылай финалға шыққан төрт құрама да бұған дейін әлем чемпионы атанған.

Мұндай жағдай бұған дейін 1970 және 1990 жылдардағы әлем чемпионаттарында тіркелген. 1970 жылы жартылай финалға Италия, Германия, Уругвай және Бразилия шықса, 1990 жылы бұл кезеңге Италия, Аргентина, Германия және Англия жолдама алған.

Айта кетейік, Франция құрамасы әлем чемпионатын 1998 және 2018 жылдары жеңіп алған. Испания 2010 жылы, Англия 1966 жылы, ал Аргентина 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанған.

Комментарии