Ақмола облысында апалы-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып, қаза тапты

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IyYTbNkBY76DnogT7WoEg62dNPEjSHDnWafBA95z.jpg

Ақмола облысында 8 және 12 жастағы екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды "Адырна".

Алдын ала мәліметке сәйкес, 11 шілде күні бір отбасы Целиноград ауданындағы Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су айдынының жағасында демалып, түнеп қалған.

Таңертең суға шомылып шыққаннан кейін апалы-сіңлілі екі қыз киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған автокөлікке отырған. Сол сәтте көлік белгісіз себеппен өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға құлаған.

Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға тырысқанымен, автокөліктің есігін аша да, терезесін сындыра да алмаған. Көлік аз уақыт ішінде су түбіне кетіп, екі қыз оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта көліктің өздігінен қозғалып кетуіне не себеп болғаны және қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.

Комментарии