Түркістан облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Шаян – Екпінді автожолында болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көліктегі жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жол апатының себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауды және көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуды ескертті.
Всем сердцем любил свой народ — основателю казахской школы таэквондо Мустафе Озтюрку исполнилось бы 70 лет
