Бір жарым жасар бала терезеден құлап кетті

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HtVKTaH3JoL0n1A17IqscU12ATZZO2Yeq8c3udNu.jpg

Павлодар қаласында бір жарым жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 30 шілде күні кешкі уақытта болған. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, шақырту сағат 19:23-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнына бірінші санаттағы шұғылдық бойынша екі минут ішінде жеткен.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, бүлдіршін өмірге қауіпті ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны оқиға орнында қайтыс болды деп тіркеді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, бала алтыншы қабаттағы ашық тұрған терезеден құлаған. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада төрт жастағы бүлдіршін терезеден құлап қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.

Комментарии