“Музарт” тобының әншісі жансақтау бөліміне түсті

441
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Yys45B3Y5jWOiY5dKCI8Lix0jaYTLCyWonE6rOQv.webp

Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әншінің сөзінше, ол Шымкентте өтетін шығармашылық кешке қатысуы керек болған. Алайда денсаулығына байланысты жоспарланған шараға бара алмаған.

Кенжебек Жанәбіловтің айтуынша, жүрек тамырларында бітелу анықталып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Өнер иесі медициналық көмек көрсеткен мамандарға алғысын білдіріп, оқырмандарынан дұғада болуын сұрады.

Комментарии