Украинаға 70 ATACMS зымыраны берілуі мүмкін. АҚШ Түркияға рұқсат бермек

233
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6Fyvqt3KV4yWFiQ3ZIkCTStCY20uagJ31O8zlbRK.webp

АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияға өз қорындағы 70 M39 ATACMS жедел-тактикалық зымыранын Украинаға беруіне рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ Конгресіне ресми хабарлама жолданған, деп жазады "Адырна".

6 тамызда Congressional Record басылымында жарияланған құжатта Украинаға берілетін әскери техника мен оқ-дәрілердің тізімі көрсетілген.

Жеткізілімдер пакетіне:

  • 70 M39 ATACMS зымыраны;
  • 12 M270 MLRS реактивті залппен оқ ату жүйесі;
  • кассеталық оқтұмсықтары бар шамамен 2,5 мың M26 зымыраны;
  • 47 мың артиллериялық снаряд кіреді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, аталған қару-жарақ Украинаға қайтарымсыз негізде беріледі.

Келісімді ұйымдастыру жұмыстарына Түркияның MKE A.S., ASFAT және ARCA Savunma компаниялары, Болгарияның VTIC International Ltd., сондай-ақ АҚШ-тың Pansophico және Patriot Defense Groupкомпаниялары қатысады.

Құжатта қару-жарақты Украинаға жеткізудің нақты мерзімі көрсетілмеген. Сондай-ақ бұл хабарлама АҚШ-тың Түркияға қаруды беруіне рұқсат беру ниетін білдіреді, яғни жеткізілімнің жүзеге асқаны туралы ақпарат емес.

Комментарии