Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін өтініш қабылдау басталды

259
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HbYkpyCwlQ9f2SGcE1Ru79T4NuZ3TlSSC9HZxvXD.jpg

2026 жылғы 10-20 тамыз аралығында Қазақстан азаматтығын алуға ниетті үміткерлерден өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеп.

22 тамызда тестілеу өтеді. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, емтихан үш бөлімнен тұрады:

  • Қазақ тілі – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
  • Конституция негіздері (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
  • Қазақстан тарихы (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
  • Тест бойынша ең жоғары нәтиже – 100 балл, ал өту үшін кемінде 50 балл жинау қажет.

Тапсырмаларды орындауға 130 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут уақыт қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны 14 693 теңгені (шамамен 33 АҚШ доллары) құрайды.

Сонымен қатар емтиханға дайындалу үшін байқау тестілеуінен өтуге болады. Оның құны – 3 355 теңге(шамамен 7,5 АҚШ доллары).

Комментарии