«Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында «Түркістан» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілеріне арнайы танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақын мұрасы жан-жақты таныстырылды.
Сонымен қатар Абайдың Жетінші қара сөзі оқылып, оның тәрбиелік мәні мен философиялық мазмұны кеңінен талқыланды. Әскери қызметшілер қара сөзде көтерілген білімге ұмтылу, ізденіс, адамгершілік және рухани даму мәселелері төңірегінде өз пікірлерін айтып, еркін ой алмасты.
Новости по теме
