Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

276
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/N9VLxjFYSjbQma650eTsDgS40p1qsA3oVRgn58M9.jpg

Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI 2026 халықаралық олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль алып, жүлдеге ие болды.

Олимпиададағы үздік нәтижелердің бірін қазақстандық Даужан Бекетов көрсетті. Ол IOAI 2026 абсолюттік рейтингінде екінші орын алды.

Ортада: олимпиаданың 500 қатысушысы арасында екінші орын алған Даужан Бекетов

Олимпиада Астанада 2-8 тамыз аралығында өтіп, әлемніңтүкпір-түкпірінен жасанды интеллект саласындағы ең мықты жас мамандарды жинады. IOAI 2026 бас серіктесі Kaspi.kz болды.

Kaspi.kz Қазақстанда жасанды интеллектті белсенді дамытып келеді. Биыл компания толығымен қазақстандық команда әзірлеген Kasper жеке AI-көмекшісін таныстырды.

Мұндай технологиялар Қазақстанда алдағы уақытта да жасалуы үшін елге талантты бағдарламашылар, инженерлермен зерттеушілер қажет. Сондықтан Kaspi.kz жас IT-мамандарды, спорттық бағдарламалау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша жарыстарды қолдайды, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясымен ынтымақтастық орнатып, ұлттық құраманы халықаралық жарыстарға дайындауға көмектеседі.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

 

«Технология жасағанда, ең алдымен өзіңе: «Мен қандай керемет технология жасадымдеген емес, «Бұл технология басқа адамдардың өмірін қалай өзгертедідеген сұрақ қою керек. Технологияны технология үшін емес, адамдар үшін жасау қажет.

Сонымен қатар адамның құндылықтары да аса маңызды жақсы мен жаманды ажырата білу және технологияны басқа адамдардың өмірін жақсарту үшін пайдалану керек.

Елдің болашағы жас әрі талантты балалардың жетістігіне байланысты. Біз үнемі білім алып, дамып, өзгелерге үлгі болып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі өзі сияқты талантты жастармен танысып жүрген балаларды қолдағымыз келеді. Болашақ дегеніміз осы».

Халықаралық олимпиадалардағы жетістіктің артында қатысушылардың таланты мен орасан еңбегі ғана емес, бірнеше айға созылған дайындық, жаттықтырушылардың жұмысы, оқу-жаттығу жиындары және халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесі тұр.

Ұлықбек Османов пен Жәнібек Қасымхан, IOAI 2026 қола жүлдегерлері

Бағдат Мусин, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті:

«Бүгінде Kaspi сияқты технологиялық алпауыттар тек өздері туралы ғана ойламайды. Компания үлкен финтех және e-commerce платформасын құрды, енді бүкіл нарықты, тұтас индустрияны дамыту қажет. Сондықтан бизнестің мұндай іс-шараларға қатысуы және қолдау көрсетуіқоғам алдындағы жауапкершілік. Соның арқасында индустрия дамып, жаңа стартаптар мен жаңа идеялар пайда болады. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде жүзеге асады, оған қазақстандық оқушылар мен жастар да өз үлесін қосып келеді».

IOAI 2026 тек жарыс қана емес, түрлі елдерден келгенталантты оқушылар, ғалымдар, әзірлеушілер мен сарапшылардың басын қосқан алаңға айналды. Қатысушылар жаңа зерттеулерді талқылап, білім және идеяларымен бөлісті, кәсіби байланыстар орнатты. Жас қатысушылар үшін бұл технология мен оның болашағынаэ қызығушылық танытатын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік.

Әнуар Аймолдин, IOAI Халықаралық ғылыми комитетінің мүшесі:

«Менің ойымша, ертеңгі күнді ойлайтын компанияларосындай іс-шараларға қатысады. Өйткені олар зерттеулерге барынша жақын. Біріншіден, бұләлемніңең мықты таланттарының назарына ілігу мүмкіндігі. Екіншіден, жаһандық жасанды интеллект саласының дамуына өз үлесін қосуға жол ашады».

Осындай ауқымдағы халықаралық олимпиаданы Қазақстан өте қысқа мерзім ішінде өткізе алды. Дайындыққа небәрі төрт ай уақыт кеткен.

Елена Маринина, IOAI Халықаралық кеңесінің негізін қалаушылардың бірі әрі төрағасы:

«Олимпиаданы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап жергілікті компаниялар бірден қолдау көрсете бастады. Реакция өте жылдам болды. Қазақстан бұл олимпиаданы небәрі төрт айдыңішінде ұйымдастыра алды. Бұл шынымен таңғаларлық нәтиже».

Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясы серіктестерімен бірге ұлттық құрама мүшелерін ынталандыру туралы шешім қабылдады. Бас серіктес Kaspi.kz және бриллиант демеуші Freedom Holding Corp. қолдауымен жүлдегерлерге мынадай сыйақылар беріледі:

алтын медаль — 6,5 млн теңге (1500 АЕК баламасы);
күміс медаль — 4,3 млн теңге (1000 АЕК);
қола медаль — 2,2 млн теңге (500 АЕК).

Ұлттық құраманың тәлімгерлері жүлдегерлерді дайындағаны үшін 2 млн теңгеден алады.

IOAI 2026 аяқталды, алайда қазақстандық бағдарламашылардың, зерттеушілердің және жасанды интеллект саласы мамандарының жаңа буынын даярлау жалғасады.

Бүгінгі олимпиада қатысушылары ертең жаңа технологиялар мен өнімдерді жасайды. Қазақстан құрамасының IOAI 2026 олимпиадасындағы сегіз медалі елімізде әлемнің ең мықтыларымен бәсекеге түсе алатын жас мамандардың бар екенін көрсетті. Kaspi.kz үшін Қазақстанда технологиялар жасау және елдің технологиялық дамуын алға бастайтын таланттардың жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосу маңызды.

Комментарии