Нұрай Серікбайдың өлімі. Сот Шерхан Аймаханға қатысты үкім шығарды

205
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bclsMbaPlGAmVs0cJMe0nZpL7iBn9rnnTQxsfSak.webp

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот шешімімен 28 жастағы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушы некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг және аса қатігездікпен адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 11 қаңтарда Шымкент қаласында болған. Шерхан Аймахан дүкендердің бірінің маңында Нұрай Серікбайды аңдып тұрып, оған бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған бойжеткен қаза тапқан. Шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай Шымкенттен шамамен 10 шақырым жерден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде қалалық полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен қатар бірқатар полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары Нұрай Серікбайдың бұған дейін некеге мәжбүрлеу бойынша берген арызына тиісті шара қолданбаған полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты жеке қылмыстық іс қозғады.

Сот үкімімен Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Комментарии