Экскурсиялық кеме өртеніп, жүзден астам адам теңізге секірді

282
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jRK6ZeIctK5ezIt3KXCF48upfaCpRnJa260Qd9qr.webp

Түркияның Фетхие қаласында экскурсиялық кемеден өрт шығып, борттағы 115 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жолаушылар қауіпсіздік кеудешелерін киіп, теңізге секіруге мәжбүр болған.

Оқиға Катранджы шығанағы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toys Boat» кемесіндегі өрт асүйден басталып, кейін жалын кеменің басқа бөліктеріне тараған. Кемеде экипаж мүшелері мен балаларды қоса алғанда, барлығы 115 адам болған. Өрттің күшеюіне байланысты жолаушылар кемені тастап, құтқару кеудешелерімен теңізге түскен. Оқиға орнына жағалау күзеті, теңіз қауіпсіздігі қызметтері мен медициналық жедел жәрдем бригадалары жіберілген. Құтқару жұмыстарына жақын маңда болған басқа да қайықтар мен кемелер қатысқан.

Өрт салдарынан экскурсиялық кеме айтарлықтай зақымданып, кейін суға бата бастаған. Құтқару қызметтері өртті сөндіргеннен кейін кемені судан көтеріп, жағаға шығару жоспарланып отыр.

Комментарии