Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы polisia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
2005 жылы елордада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Сол кезде қылмыс орнынан жеткілікті дәлелдердің болмауына байланысты істі ашу мүмкін болмаған.
Биыл полиция қызметкерлері қылмыстық істің материалдарын қайта зерделеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізген.
«Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында»,–деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Новости по теме
