Белгілі балетмейстер Эдуард Мәлбеков дүниеден озды

320
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XwoOC5SlILZniwxC3wjDH2ywhTyMP2Zp8EyYkChX.jpg

Қазақ КСР-дің еңбек сіңірген әртісі, хореограф әрі педагог Эдуард Мәлбеков  86 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды бүгін, 19 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Эдуард Жабашұлы саналы ғұмырын өнерге арнаған көрнекті балет әртісі, хореограф, педагог әрі тәлімгер болды. Оның есімі отандық балет өнерінің қалыптасуы мен даму тарихында айрықша орын алады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!»– делінген хабарламада.

Эдуард Мәлбеков 1941 жылы 13 ақпанда Алматы қаласында туған.  Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Өнер жолында ол «Спартак», «Бақшасарай бұрқағы», «Жизель», «Аққу көлі», «Дон Кихот», «Махаббат туралы аңыз», «Кармен-сюита» секілді классикалық және ұлттық қойылымдарда басты партияларды орындап, қазақ балет өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған.

Комментарии