Алматы облысы Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында қайтыс болған 11-сынып оқушысының соңғы хаты жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Orda.kz дерегінше, қыздың анасы Ясмина 10-сыныпта мектеп мұғалімінің ұлымен араласа бастағанын айтқан. Туыстарының айтуынша, осы қарым-қатынасқа байланысты қызға қысым жасалған. Олар мұғалім тарапынан қыздың ұлымен араласуына қарсылық болғанын алға тартады.
Туыстарының сөзінше, 23 сәуірде Ясмина мектепке шақырылып, қарым-қатынасты өз еркімен тоқтататыны туралы қолхат жазуға мәжбүр болған. Кейін ол шамамен сағат 15:00-де үйіне барған. Үйде ешкім болмаған.
Отбасы қыздың қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына арыз бергенін, сондай-ақ білім министрлігі мен прокуратураға жүгінгенін айтады.
Orda жазуынша, туыстары төрт айға жуық уақыт өтсе де, істің нәтижесі туралы нақты жауап алмағанын жазған.
Ал мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын растады.
Обеспечение благополучия детей – приоритет государства: в Казахстане треть населения составляют дети
