Пашинянға Гессен бейбітшілік сыйлығы мен 25 мың еуро берілді

545
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JLdSrSGX8rV8hRdkMwKqkrfW3RpbzXaimsqeJ2rO.webp

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Гессен бейбітшілік сыйлығына ие болды. Сыйлық оған елдегі демократиялық институттарды дамытуға қосқан үлесі үшін берілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Minval басылымына сілтеме жасап.

«2018 жылғы «барқыт революциясының» жетекшілерінің бірі ретінде ол парламенттік сайлауға жол ашты. Содан бері премьер-министр ретінде елді бейбітшілік пен Еуропамен интеграция жолына бастап келеді. АҚШ-тың қолдауымен ол 2025 жылғы тамызда көршілес Әзербайжан президентімен бейбітшілік декларациясына қол қоюға да қол жеткізді.

Сонымен қатар ол «Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар орнату туралы келісімге» қол қойды», – делінген Гессен Ландтагының хабарламасында.

Айта кетейік, Гессен бейбітшілік сыйлығының көлемі – 25 мың еуро.

Комментарии