Бұл қай би? Қазақстандық студент Токиода ұлттық киіммен дауыс берді

213
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3fLIPExkUNTXNkpPnQ5DsYRWpmLClWYsH4uRIsuv.webp

Фото: СІМ

Қазақстандық студент Әлішер Әзімбаев Токиода өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға қазақ қоғамындағы дәстүрлі билердің киімін киіп барды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Әлішер Цукуба университетінде «Мемлекеттік саясат» мамандығында білім алып жүр. Ол шетелде алғашқылардың бірі болып ашылған Токиодағы сайлау учаскесіне арнайы ұлттық образда келген.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, студенттің таңдауы қазақ қоғамындағы әділдік, заң үстемдігі мен даналықты бейнелейтін билер институтының тарихи мәнімен байланысты.

Әзімбаевтың айтуынша, Құрылтай да ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын дәстүрлі ұлттық жиынның заманауи жалғасы болуы тиіс.

«Жаңадан құрылған Құрылтай осы дәстүрді жалғастырып, халықпен бірлесе отырып мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешетін заманауи саяси институтқа айналады деп ойлаймын», – деді студент.

23 тамызда Қазақстанда бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады.

Сайлау қорытындысынан кейін Құрылтай төрағасы мен оның үш орынбасары бекітіледі. Жаңа Парламент жұмысын бастаған соң қазіргі Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады.

Комментарии