Құрылтай депутаттарын сайлауға қанша азамат қатысты? Бұл сұраққа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов жауап берді, деп хабарлайды "Адырна".
Шавхат Өтемісовтің айтуынша, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 адам дауыс берген.
"Бұл сайлаушылардың жалпы санының 72,15 пайызын құрайды", – деді ол.
Қазақстан бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны — 12 605 788 адам.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші мынадай:
- Абай облысы – 77,54%;
- Ақмола облысы – 78,95%;
- Ақтөбе облысы – 84,95%;
- Алматы облысы – 70,04%;
- Атырау облысы – 69,05%;
- Батыс Қазақстан облысы – 71,15%;
- Жамбыл облысы – 83,99%;
- Жетісу облысы – 89,69%;
- Қарағанды облысы – 74,78%;
- Қостанай облысы – 75,31%;
- Қызылорда облысы – 88,09%;
- Маңғыстау облысы – 70,61%;
- Павлодар облысы – 69,99%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 75,14%;
- Түркістан облысы – 90,17%;
- Ұлытау облысы – 68,23%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 85,43%;
- Астана – 49,87%;
- Алматы – 41,06%;
- Шымкент – 71,89%.
Новости по теме
