Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Құрылтайдың алғашқы сайлауының сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін бұл маңызды оқиға еліңіздің жан-жақты дамуына, сіздің бастамаңызбен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың жалғасуына және алдағы міндеттердің орындалуына қызмет етеді деп сенемін. Құрылтай жұмысына толағай табыс тілеймін», – делінген президент Әлиевтің құттықтау хатында.
Ал Қырғызстан басшысы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая түсіп, екі ел халқының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа мазмұнмен толыға беретініне үміт білдірді.
«Азаматтардың еркін таңдауы нәтижесінде қалыптасқан Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық, мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін»,– деді ол.
Почему казахи до сих пор не создали ничего подобного бессмертной картине русского художника К. Брюллова «Всадница»?
