АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф 25 тамызда Мәскеуге барғанымен, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен жоқ. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков RTVI-ге айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жоқ. Президентпен кездесу болған жоқ», – деп жауап берді ол.
Сондай-ақ Песков АҚШ барлау қызметінің басшысы Владимир Путинге АҚШ президенті Дональд Трамптың қандай да бір жолдауын жеткізді ме деген сұраққа қосымша түсініктеме бермеді.
Сейсенбіде CBS News тілшісі Дженнифер Джейкобс ОББ директоры Джон Рэтклиффтің таңертең Ресейге келгенін хабарлаған еді. Flightradar деректеріне сәйкес, Мэриленд штатындағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің Эндрюс базасынан ұшып шыққан әскери-көлік ұшағы Внуково әуежайына күтпеген жерден қонған. Ұшақ Ригада аялдаған. Сол күні кешке шамамен тоғыз сағаттан кейін америкалық әскери ұшақ Мәскеуден ұшып кеткен.
При поддержке Фонда «Samruk-Kazyna Trust» в Атырауской области начались бесплатные профессиональные курсы для многодетных матерей
