Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

75
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IVdNpp4g07KeNsceLl12PVPjWzteckOVroioa9Rv.webp

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Лозаннада өткен Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін сенімді жетті. Жартылай финалда Жұбаназар Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Георгий Елбакиевті жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды.

Финалда қазақстандық дзюдошы Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Бұл – қазақстандық спортшының Grand Slam сериясындағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін биыл ол Париждегі Grand Slam турнирінде және Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Комментарии