Украинаға арнаған. Илья Хржановский Венецияда «Күміс арыстан» алды

139
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UUar6iJehTnmRKXb0eDDCXCBh271To2HpjTN0CGf.webp

Фото: EPA

Кинорежиссер Илья Хржановский Венеция халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясы бойынша «Күміс арыстан» жүлдесіне ие болды. Ол бұл марапатты бірнеше жыл бұрын түсірілген «Дау» арт-жобасы үшін алды. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәскеуде дүниеге келген режиссер марапатын Харьков тұрғындарына арнады. Хржановский Ресей билігі «шетелдік агент» деп таныған тұлғалардың қатарында.

«Мен бұл марапатты Харьковқа және осы сұрапыл соғыста бостандық, бейбітшілік пен жеңіс үшін күресіп жатқан украиналықтарға арнағым келеді. Мен оларға сенемін», – деді режиссер марапаттау рәсімінде.

«Дау» жобасы кеңестік физик Лев Ландау мен оның әріптестерінің өміріне арналған. Фильм бірнеше жыл бойы түсіріліп, жоба үшін Харьковта ауқымды декорациялар салынған. Түсірілімге мыңдаған адам қатысты.

Бастапқыда түсірілген материалдардан 13 түрлі фильм құрастырылған. Ал Венеция кинофестивалі үшін режиссер олардың негізінде төрт сағаттық бір нұсқасын әзірлеген.

Алайда «Дау» жобасының фестиваль бағдарламасына енгізілуіне Украина Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігі қарсылық білдірді. Украина тарапы фильмде Харьковтың «кеңестік көзқарас арқылы» көрсетілетінін айтып, жобаны ресейлік насихаттың бір бөлігі ретінде бағалады.

Венеция кинофестивалінің басты жүлдесі – «Алтын арыстан» дат режиссері Май эль-Тукидің «Белгісіз әйел»фильміне берілді.

«Үздік актер» аталымындағы «Күміс арыстанды» америкалық актер Джон Малкович алды. Ол «Wild Horse Nine» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.

«Үздік актриса» жүлдесіне дат актрисасы Матильда Арсель ие болды. Ол «Белгісіз әйел» фильміндегі рөлімен көзге түсті.

Қазылар алқасы арнайы жүлдені израильдік режиссерлер Юваль Авраһам мен Рахель Шордың Израиль мен ХАМАС арасындағы Газа секторындағы соғыс туралы түсірген NAZA деректі фильміне табыстады.

Комментарии