Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

280
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hris8pVpzIWUdKxQ2AxNu51iYdoMEoM4I9XJPe6J.jpg

21 қыркүйекте қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті. Бұл туралы ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) ел намысын қорғады.

Санжар финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық спортшы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы жетінші және ММА тарихындағы алғашқы жүлдесі.

Комментарии