Тағы да сайлау. Президент мәслихат өкілеттігін тоқтатуды айтты

287
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SqQfKwyXvM4vopuFhHegaPFlUsIngOjcLGefsSrZ.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуы тиіс. Осыған байланысты жақын арада мәслихат сайлауын өткізу қажеттілігі туындап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі «Amanat» партиясының атынан сайланғанын атап өтті.

 «Жақында тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталады. Сол кезде мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды. Жалпы жергілікті депутаттар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғайды, бюджетті бекітеді және басқа да міндеттерді орындайды. Бір сөзбен айтқанда, елді-мекендерді өркендету ісіне белсене атсалысады. Демек, өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек. Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби корпусын қалыптастыруға жол ашып, оның жұмысына тың серпін береді. Осы сайлаудың жоғары деңгейде және сапалы өтуіне сіздер де мол үлес қосасыздар деп сенемін»,– деді мемлекет басшысы.

 

Комментарии