2026 жылдың 1-7 қазан күндері аралығында Қазақстанның Халық артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешованың 75 жасына арналған «ТЕАТР АLL» IV Халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Биыл төртінші мәрте Астана төрінде ұйымдастырып жатқан бұл халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін «ТЕАТР АLL» IV халықаралық театр фестивалінің басты мақсаты – Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, көрермен қауымды оның өнердегі өнегелі жолымен таныстыру.
Меруерт Өтекешеваның есімі қазақ кино тарихында, ең алдымен, «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесімен мәңгілікке таңбаланды. Актриса сомдаған Жібек образы қазақ киносының ең танымал әрі көрермен жүрегінен орын алған әйел кейіпкерлерінің біріне айналды. Оның нәзік болмысы, актерлік шеберлігі мен сахнадағы және экрандағы дара қолтаңбасы ұлттық өнер тарихында өзіндік із қалдырды.
Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту, отандық және шетелдік театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасуға және жаңа шығармашылық серіктестіктер орнатуға мүмкіндік жасау. Фестиваль бағдарламасы аясында театр өнерінің заманауи бағыттары мен тың ізденістері көрермен назарына ұсынылып, түрлі елдердің театр мамандары арасында кәсіби пікір алмасу алаңы қалыптасады.
Сонымен қатар, «ТЕАТР АLL» театр өнерінің дамуына жаңа серпін беріп, оның рухани-мәдени құндылықтарын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауды көздейді. Фестиваль – ұлттық театр дәстүрі мен заманауи сахна өнерін тоғыстыратын, шығармашылық сабақтастық пен мәдени диалогты қалыптастыратын маңызды халықаралық өнер алаңы.
Фестиваль барысына тоқтала кетейік, 1 қазан күні сағат 14:00-де С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық сазды драма театры У.Шекспир, «Макбет» трагедиясы (Режиссері: М.Хабибуллин) Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында өтсе, (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б), Қазақстанның Халық артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешеваның 75 жасына арналған «ТЕАТР ALL» IV Халықаралық театр фестивалі қатысушыларының қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі және салтанатты ашылуы (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) өтсе, сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театрының Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі (Режиссері: А.Маемиров) ашылу салтанатына аталған театрда арнайы (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) көрсетіледі.
2 қазан күні 11:00-де Алматы қаласының Асанәлі Әшімов театры Б.Жандарбеков, «Томирис» перформансы (Режиссері: Г.Адай) Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында (Мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,55/2 В2.3), сағат 15:00-де Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театры Б.Брехт, «ТОЙ» трагикомедиясы (Б.Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша) (Режиссері: Д.Жұмабай), Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры ғимаратында (Мекенжайы: И.Есенберлин көшесі 10) өтсе, ал сағат 19:00-де Ақмола облыстық орыс драма театры М.Әуезов, «Выстрел на перевале Караш» музыкалық драмасы (Режиссері: Т.Кулов), Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) өтеді.
3 қазан күні 11:00-де Астана қалалық циркінің «Contrasst» би театры «Метамоrphoses» заманауи балет-рефлексиясы (Режиссері:К.Жиренбаева) Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында (Мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,55/2 В2.3), сағат 15:00-де Әзербайжан Республикасы, «М.Театр» тәуелсіз театры «БӨГЕЛЕК» (Э.Л.Войничтің «Овод» романының желісі бойынша) драмасы (Режиссері: В.Гасанов) Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) өтсе, сағат 19:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Л.Толстой, «Анна Каренина. Роман парақтары» хорео-драмасы (Режиссері: Р.Махатаев) Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында (Мекенжайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1) өтеді.
4 қазан күні 11:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры М.Шаханов, «Танакөз» мелодрамасы (Режиссері: Ә.Бидахмет) Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында (Мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,55/2 В2.3), сағат 15:00-де Қырғыз Республикасы, Б.Кыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жас көрермен театры Ш.Айтматов, «Жәмила» драмасы (Режиссері: У.Карыпбаев) Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) өтсе, сағат 19:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры У.Гибсон, Х.Келлер, «Сотворившая чудо или что такое любовь?» музыкалық драмасы (Режиссері: Г.Балпеисова) М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында (Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 11) өтеді.
5 қазан күні 11:00-де Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театры Б.Сердәлі, Н.Мараим, «Қатынқамал» перформансы (Режиссері: Н.Ізтаев) Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында (Мекенжайы: Ж.Омаров көшесі 47/Б) өтсе, сағат 15:00-де Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан мемлекеттік драма театры А.Навои, «Ләйлі мен Мәжнүн» драмасы (Режиссері: А.Холмуминов) Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында (Мекенжайы:Мәңгілік ел даңғылы,55/2 В2.3) өтсе, сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Е.Аманшаев, «Шәкәрім» музыкалық драмасы (Режиссері: А.Маемиров) Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында (Мекенжайы: Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1) өтеді.
6 қазан күні 11:00-де Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры С.Сәрсен, «Абай-ЛА» перфомансы Абай қара сөздерінің желісі бойынша (Режиссері: С.Сәрсен) «BIART» креативті индустрия мектебінде (Мекенжайы: Сығанақ көшесі 17/41) өтсе, ал сағат 15:00-де Атырау облыстық Жастар театры М.Әуезов, «Қаралы сұлу» хорео-драмасы (Режиссері: Д.Жұмабай) М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында (Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 11) өтсе, сағат 19:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Ғ.Мүсірепов, «Ұлпан» музыкалық драмасы (Режиссері: Г.Балпеисова) Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында (Мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,55/2 В2.3) өтеді.
7 қазан күні 10:00-де Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актрисасы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған «Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасы: қазіргі театр өнеріндегі сабақтастық пен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Ә.Тарази атындағы конференц-залында (Мекенжайы:Тәуелсіздік даңғылы, 50) өтсе, сағат 17:00-де «ТЕАТР ALL» IV Халықаралық театр фестивалінің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттауы К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен залында (Мекенжайы:Тәуелсіздік даңғылы, 50) өтсе, сағат 19:00-де Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешеваның 75 жасына арналған «Қазақтың Қыз Жібегі» атты шығармашылық кеш К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен залында (Мекенжайы:Тәуелсіздік даңғылы, 50) өтеді.
Более двух тысяч студентов столичных колледжей приняли участие во флешмобе в честь завершения Года рабочих профессий
